Си Цзиньпин 7-нші Қытай-Азия-Еуропа көрмесіне құттықтау хат жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 қыркүйек

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қыркүйек күні Си Цзиньпин 7-нші Қытай-Азия-Еуропа көрмесіне құттықтау хатын жолдады.

Си Цзиньпин Еуразия құрлығының дамуы өміршеңдікке толы, әлеуетке бай және «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құрудағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі саласы екенін атап көрсетті. Соңғы жылдары Қытайдың Шыңжаңы географиялық артықшылықтарын барынша пайдаланып, Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі аймағының құрылысын белсенді түрде дамытып келеді. Бұл үдеріс Қытай мен Азия-Еуропа елдерінің өзара байланысы, өзара тиімді ынтымақтастығы мен ортақ дамуына, оң нәтижелерге жетуіне көмектесті.

Си Цзиньпин Қытайдың басқа елдермен бірге Жібек жолының бейбіт ынтымақтастығы, ашықтық пен инклюзивтілік, өзара білім алу, тәжірибе алмасу, өзара тиімділік пен тең ұтысқа жету рухын ұстанып, «Қытай-Азия-Еуропа» көрмесін платформа ретінде пайдаланып, жоғары стандарт, халыққа пайда әкелуге күш жұмсап, Азия-Еуропа ынтымақтастығы саласын үздіксіз кеңейтіп, деңгейін жоғарылатып, ортақ даму мен өркендеуіне жәрдемдесуге дайын екенін атап көрсетті.

7-нші Қытай-Азия-Еуропа ЭКСПО-сы 19 қыркүйек күні Шыңжаңның Үрімжі қаласында шымылдығын ашты. Көрмені Қытай Сауда министрлігі, Қытай Сыртқы істер министрлігі, Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесі және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының халық үкіметі бірлесіп ұйымдастырды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото