Қаңтар-тамыз айларында шетел капиталын нақты пайдалану ел бойынша 16,4%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 қыркүйек
Қаңтар-тамыз айларында шетел капиталын нақты пайдалану ел бойынша 16,4%-ға өсті

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қыркүйек күні Сауда министрлігінен алған мәліметке сәйкес, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ел көлеміндегі шетелдік капиталдың нақты пайдаланылуы 892 миллиард 740 миллион юань болып, бір жылмен салыстырғанда 16,4%-ға артып, 138,41 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға өскен.

Өнеркәсіп саласы бойынша қызмет көрсетуде шетелдік капиталды нақты пайдалану 662 миллиард 130 миллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға ұлғайған. Жоғары технологиялық өнеркәсіпте шетелдік капиталды нақты пайдалану өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 33,6%-ға өсіп, оның ішінде жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібі 43,1%-ға, ал жоғары технологиялық қызмет көрсету саласы 31%-ға артқан.

Дереккөз тұрғысынан алғанда, Оңтүстік Корея, Германия, Жапония және Ұлыбританияның Қытайға салған нақты инвестициясы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 58,9%, 30,3%, 26,8% және 17,2%-ға (еркін порттар арқылы инвестициялық деректерді қоса алғанда) өскен.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, еліміздің шығыс, орталық және батысында шетелдік капиталды нақты пайдалану өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 14,3%-ға, 27,6%-ға және 43%-ға жоғарылаған. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото