Қытайдың Янлин ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық жетістіктер көрмесінде қол қойған жобалардың құны 98,8 миллиард юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 қыркүйек

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің қыркүйектің 19-ы күні өткен 29-ыншы Қытайдың Янлин ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық жетістіктер көрмесінің қорытынды конференциясынан алған ақпаратына сәйкес, биылғы ауылшаруашылық жоғары технологиялық жетістіктер көрмесінде жалпы құны 98,8 миллиард юаньнан асатын 338 жобаға қол қойылған.

Биылғы көрме Шэньсиде онлайн және офлайн форматтарының үйлесімімен сәтті өтті. 3 ұлттық министрлер комитеті, 11 басқа өлке-қалалардың көрмесі, 24 Шэньси өлкесінің көрмесі және 34 ел мен аймақтан 830-дан астам кәсіпорын офлайн түрде көрмеге қатысты.

Бұрынғы көрмелерден айырмашылығы бұл көрмеде инновациялық залдағы көрме, бұлт көрмесі, далалық көрмені өзара үйлесімді біріктіріп, толық тізбекті, панорамалық, үш өлшемді режим арқылы ауыл шаруашылығы технологиясының инновациялары, демонстрациялық насихат, халықаралық алмасу мен ынтымақтастықтың жаңа жетістіктері мен үлгілері толық көрсетілді.

5 күн ішінде онлайн және офлайн түрде барлығы 2,948 миллион адам көрмені тамашалады. Оның ішінде көрме залында 106 000 адам, далалық көрмеде 51 000 адам, бұлттық көрмеде 2,791 миллион адам болды.

2022 жылғы ШЫҰ ауыл шаруашылығы көрмесі және 2022 жылғы ШЫҰ-ның заманауи ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі дөңгелек үстелі Ауыл шаруашылығы саммитінің маңызды кездесулері ретінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерден, бақылаушы мемлекеттерден, диалог бойынша серіктес мемлекеттерден, сондай-ақ Нидерланды, Германия, Израиль, Жапониядан 100-ге жуық мекеме, кәсіпорын және бизнес қауымдастықтарының басшылары көрмеге қатысты.

Конференция барысында жаһандық таныстырылым мен тиісті қол қою шаралары өткізілді. Жалпы сомасы 98,8 миллиард юаньнан асатын 338 қол қойылған жоба жинақталды. Оның ішінде құны 29,508 миллиард юань болатын 49 жобағаға конференция алаңында қол қойылды. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото