Төраға Си Цзиньпиннің арнайы өкілі Ван Цишань патшайым Елизавета II-нің жерлеу рәсіміне қатысу үшін Ұлыбританияға барды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қыркүйек

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлыбритания үкіметінің шақыруымен Төраға Си Цзиньпиннің арнайы өкілі, ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишань патшайым Елизавета II-ні жерлеу рәсіміне қатысты.

Ван Цишань жергілікті уақыт бойынша қыркүйектің 18-і күні түстен кейін Ұлыбританияның Парламент сарайына барып, патшайыммен қоштасу рәсіміне қатысты. 19 қыркүйек күні таңертең Ван Цишань әр ел басшыларымен, корольдік отбасы мүшелерімен, үкімет өкілдерімен бірге Вестминстер шіркеуінде өткен патшайымның мемлекеттік жерлеу рәсімінде болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото