Қытай (Шыңжаң) - Қазақстан кәсіпкерлер форумы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қыркүйек

21 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қыркүйек күні 7-нші Қытай-Еуразия ЭКСПО көрмесінің маңызды іс-шарасы болып табылатын Қытай (Шыңжаң) - Қазақстан кәсіпкерлер форумы онлайн және офлайн түрінде өтті. Қытай мен Қазақстанның сарапшылары мен ғалымдары, бизнес-қауымдастықтардың мүшелері мен кәсіпкерлер және т.б. өкілдер «Бір белдеу, бір жол» жобасын сапалы түрде бірлесіп құру жөнінде пікір алмасты. Қытайдың халықаралық сауданы ілгерілету кеңесінің төрағасы Рэнь Хунбинь бейнебаян арқылы сөз сөйледі. Шараға автономиялық регионның партия комитетінің хатшысы Ма Синжүй қатысып, баяндама жасады.

Форум барысында Шыңжаң халықаралық сауданы ілгерілету кеңесі Қазақ инвестициялық ұлттық корпорациясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қытай Шыңжаңы мен Қазақстан жасыл тау-кен өндіру, энергетикалық ресурстар, құрал-жабдық өндіру, цифрлық ақпарат, ауыл шаруашылығы, орман, жеміс-жидек т.б. өзіндік ерекшеліктері бар салаларды қамтитын тиісті кәсіпорындармен инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жобаның жалпы сомасы 470 миллион АҚШ долларын құрады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото