- Барлық ақпарат
7-ші Қытай-Еуразия ЭКСПО көрмесінің инвестиция тарту жобалары қол қойған сома рекордтық көрсеткішке жетті
![]() |
21 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңда өтіп жатқан 7-ші Қытай-Еуразия ЭКСПО-сында 365 инвестиция тарту жобасының жалпы келісім-шарт құны 960 миллиард юаннан асып, келісімшарт сомасы өткен кезектегі сессиямен салыстырғанда 2,57 есеге өсті, бұл алдыңғы экспозициялардың ең жоғарысы болды.
Апай өткен кезекті дегенім бұл көрменің 6-ші кезектісі
Тілшінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы Сауда департаментінің Инвестицияларды ынталандыру басқармасынан алған мәліметіне сәйкес, келісім-шартқа отырған жобалардың ішінде қосалқы өнеркәсіп жобаларының саны ең көп және келісім-шарт сомасы ең мол болып, жалпы 273 жобаның сомасы 809,250 млрд юанға жетіп, 83,61% құрады. Жеке кәсiпорындар бұл жобаға қол қоюдағы негiзгi күшке айналды, олардан 274 жобаға қол қойылды, жалпы келсім-шарт құны 685,708 миллиард юан болып, 70,85 пайызды құрады.
people.cn © People's Daily Online