Қазақстанда 25 қазанды Республика күні ұлттық мерекесі ретінде белгілейтін заң қабылданды - Сенат

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 қыркүйек
Қазақстанда 25 қазанды Республика күні ұлттық мерекесі ретінде белгілейтін заң қабылданды - Сенат

ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заңды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

Осы орайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізу қарастырылған. Сондай-ақ 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынысына қолдау жасалды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото