Әлемдегі алғашқы соматикалық жасуша клондалған арктикалық бөлтірік 100 күнге толды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 қыркүйек
Әлемдегі алғашқы соматикалық жасуша клондалған арктикалық бөлтірік 100 күнге толды

22 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қыркүйек күні әлемдегі алғашқы соматикалық жасуша клондалған арктикалық бөлтірік өзінің «жүз күндік банкетін» бастады. Табиғат қорғау қызметкерлерінің 100 күндік мұқият күтімінен кейін оның физикалық сипаттамалары айқын, дансаулығы ойдағыдай болды.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында клондалған арктикалық қасқыр Бейжіңде дүниеге келді. Клондалған арктикалық қасқырдың донорлық жасушалары Харбинь полярлық саябағындағы жабайы арктикалық қасқырдың тері үлгісінен, ал ооциттеры ұрғашы иттен алынған. Оны суррогат ана биглз өмірге әкелді.

«Тұқымы аз және жыныс жасушаларын алу қиынға соғатын жануарлар үшін клондау технологиясы генетикалық әртүрлілікті қорғаудың және ұрпақ санын көбейтудің тиімді әдісі болып табылады»,- деп түсіндірді Қытай ғылым академиясының Гуанчжоу биомедицина және денсаулық институтының ғылыми қызметкері Лай Лянсюэ. Ғылыми қызметкер клондау технологиясы арқылы өндірілген ағзалар әлі де көбею қабілетіне ие және клондалған денелердің өмірлік жағдайы қарапайым денелерден еш айырмашылығы болмайтынын жеткізді.

Лай Лянсюэ жойылып кету қаупі төнген түрлер белгілі бір жерде немесе жалпы әлемнен жоғалып кеткеннен кейін, мұздату технологиясымен сақталған жасушаларды клондау арқылы жаңа тіршілік иесін өсіру, жойылып бара жатқан түрлерді көбейту немесе құтқарудың маңызды жолы екенін айтты. Мысалы, испан ғалымдары 2003 жылы тұқымы жойылып кеткен Букадо ешкісін сәтті клондады.

Мәліметтерге сәйкес, арктикалық қасқырлар 300 000 жыл бұрын пайда болып мұз дәуірінен аман қалғандар. Олардың негізгі жауы заңсыз аң аулайтындар. Жыл сайын кемінде 200 арктикалық қасқыр ауланады. Арктикалық қасқырлар «Дүниежүзілік табиғатты қорғау одағының» (IUCN) құрып кету қаупі төнген түрлердің Қызыл тізіміне енгізілген. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото