Жер сілкінісінде із-түзсіз жоғалып кеткен су электр станциясының қызметкері Гань Юй табылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қыркүйектің 21-і күні Сычуаньдағы 6,8 балдық жер сілкінісінде байланыстың үзілуінен 17 күн бойы із-түзсіз кеткен электр станциясының қызметкері Гань Юй аман-есен табылды.

21 қыркүйек таңертең Гань Юйді ауыл тұрғыны Ни Тайгао тауып алады. 28 жастағы Гань Юй өте әлсіреген, шалбары мен аяқ киімі жыртылып, денесінің көп жері жарақаттанған.

Жергілікті жер сілкінісінен құтқару тобы хабар алған соң Гань Юй табылған оқиға орнына 18 құтқарушы мен 2 медицина қызметкері жіберілді. Тікұшақ Гань Юйді Лудин ауданындағы ауруханаға жеткізді. Тексеруден кейін Ган Юйдің екі жерден сүйегі сынғаны және көп жарақат алғаны анықталды.

Мәліметтерге қарағанда, көру қабілеті нашар Ган Юй жер сілкінісі кезінде көзілдірігін жоғалтып алады. Көру мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, ол басына түскен қиындыққа мойымайды. Дулығадағы сумен, саңырауқұлақпен, жабайы жемістермен он күннен аса қоректенген ол, таудың келесі бетіне, тау етегіндегі қыстаққа қарай жақындай береді.

Еске салсақ, 5 қыркүйекте Лудин ауданында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болып, су электр станциясының қызметкері Ган Юй және оның әріптестері қауіпті жағдайды жою үшін жұмыс орындарында қалып, су тасқынының жағалаудан асып кетуіне жол бермей, төменгі ағыстағы жүздеген ауыл тұрғындарын құтқарады.

Осы жолғы Сычуаньдағы жер сілкінісінен 93 адам қаза тапты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото