7-нші Қытай- Еуразия көрмесі бірқатар ынтымақтастық жетістіктерімен аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қыркүйекте 7-нші Қытай-Еуразия көрмесі аяқталды. Тілшінің осы күні өткен баспасөз мәслихатынан хабарлауынша, көрмеге Қазақстан, Оңтүстік Корея сияқты елдерден және отандық көрме қатысушыларынан барлығы 864 компания оффлайн режимінде қатысқан. Сонымен бірге көрмеге Азия, Еуропа, Африка және Американың 32 елінен және аймақтарынан 3597 компания онлайн қатысты.

Көрме ел ішіндегі және шетелдегі 7 000-ға жуық кәсіби сатып алушылардың онлайн және оффлайн режиміндегі саудасын жүзеге асырды. Сауда-саттық көлемі алдыңғы көрмеге қарағанда 54%-ға өсті.

Көрме аясында алғаш рет Тяньшань форумы өткізілді. Сондай-ақ 2022 жылы Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі аймағын дамыту саммиті форумы, RCEP және жаңа құрлық-теңіз дәлізі форумы, Жібек жолы денсаулық форумы, ғылыми-технологиялық ынтымақтастық форумы сияқты бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.

Мәліметтерге сәйкес, ЭКСПО-ның оффлайн көрмесі аяқталды. Алайда онлайн-платформа жұмысын жалғастыра береді және тіркелген саудагерлерге бір жылдық тегін қызмет көрсетіледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото