Бірнеше-топ қарақұйрық үйірімен қоныс аударып келді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 қыркүйек
Бірнеше-топ қарақұйрық үйірімен қоныс аударып келді

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Таяуда Шыңжаңның Санжы дүңген Автономиялы облысы Мори Қазақ Автономиялы ауданы маңындағы қағыр далаға бірнеше-топ қарақұйрық үйірімен қоныс аударып келді. Олардың бұл келісі Моридағы кең көсілген қағыр далаға өзгеше тіршілік тынысын сыйлады. Моридың күзгі даласы оларға шырайлы қоныс болсада, олар әлі де жерсініп кетпеді.

Қарақұйрық мемлекеттік екінші дәрежелі қорғалатын жабайы хайуанат, теңіз деңгейінен 300-6000 метр биіктік аралығындағы құмды шөл мен оның жиегіндегі қағыр далада тіршілік етеді. Соңғы жылдардан бері, Мори ауданының экологиялық ортасының үздіксіз жақсаруы мен жабайы хайуанаттар мекенін қорғау тебінінің үздіксіз артуына байланысты, осы өңірді қоныс ететін жабайы хайуанаттар тобының саны үздіксіз артып, бұл ара олардың өсіп-өнетін тіршілік мекеніне айналды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото