Қытайдағы 5000 жылдық тарихқа ие 5 түп ағаштың бәрі Шэньси өлкесінде

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 қыркүйек

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында ежелгі құнды ағаш ресурстарының екінші (2015-2021) санағының қорытындысы жарияланды. Қытайда санақ аясында барлығы 5,0819 миллион байырғы ағаш бар. Солардың ішінде 5 түп кипарис ағашы 5000 жылдық тарихқа ие болып табылады. Олар Шэньси өлкесінің Яньань, Вэйнань, Шанлуо қалаларына таралған.

Олардың ішінде Яньань қаласы Хуанлин ауданындағы император кесенесінде екі түп 5000 жылдық ағаш бар. Бұл жер Қытайдың арғы атасы болып табылатын император Сюаньюаньнің кесенесі.

Ли Сяоцзюнь 20 жылдан астам уақыттан бері император кесенесін көгалдандыру және баптау жұмыстарымен айналысқан, ол мұндағы байырғы ағаштарды бес саусағындай біледі. Императордың кесенесі орналасқан Цяошаньда 83 000 түптен астам көне ағаштар бар, оның ішінде 34 600 түптен астам көне кипарис ағаштары мың жылдық тарихқа ие. Бұл Қытайдағы ең көне, аумағы өте үлкен, кемелді сақталған кипарис тобы.

Ли Сяоцзюньнің айтуынша, императордың кесенесінде көне кипаристердің ішіндегі ең ежелгі кипаристі император Сюаньюань отырғызған делінеді. Бұл ежелгі кипаристің биіктігі 20 метрден асады, ал жуан жерінің диаметрі 11 метр, кипарис тәжісінің ауданы 190 шаршы метрден асады. Бұл ерекше қорғалатын ежелгі ағаш және «Әлемдегі кипаристің атасы» деген атпен танымал. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото