Бірінші отандық жүгері дәнін жинауға арналған өздігінен жүретін комбайн алғаш рет сынақтан сәтті өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 қыркүйек
Бірінші отандық жүгері дәнін жинауға арналған өздігінен жүретін комбайн алғаш рет сынақтан сәтті өтті

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаң Синьянь Мушэнь Технология ЖШС жасап шығарған жүгері дәнін жинайтын 4YZS-8 комбайн Нылқы ауданында алғаш рет сынақтан сәтті өтті. Бұл Қытайда жасап шығарылған алғашқы өздігінен жүретін жүгері дәнін жинайтын комбайн болып табылады.

Бұл өздігінен жүретін жүгері дәнін жинайтын комбайн тұқымдық жүгеріні, сонымен қатар жаңа піскен жүгеріні де жинай алады. Бір сәтте жүгері масағын жинау, тазалау және дәнін жәшікке салу жұмысын аяқтай алады. Шыңжаң Синьянь Мушэнь Технология ЖШС-нің техникалық менеджмент департаментінің директоры Чжао Юйсянь: «Бұл комбайынның ең үлкен артықшылығы - сынбайды және жұмыс тиімділігі жоғары. Сонымен бірге оның жабдықтанған техникалары жоғарлауда, сол арқылы тапсырманың орындалу жағдайын мөлшерлеуге болады»,- деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото