Құралай: Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясы көптеген жұмыс орындарын ашты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қыркүйек
Құралай: Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясы көптеген жұмыс орындарын ашты

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жел электр станциялары мен фотоэлектр станциялары сияқты таза энергияға инвестиция салу, құрылыс жасау және пайдаланумен айналысатын кәсіби компания ретінде Mannatech Energy Қазақстанда ueq холдингін құрып, айналымына жауапты болып, Қазақстандағы жаңа энергия электр станциясына қызмет көрсетуді сақтайды. Компания Қазақстанда инвестициялаған 6 жаңа энергетикалық жобаның барлығы «Қытай-Қазақстанның өндірістік қуаттылық ынтымақтастығының негізгі жобаларының тізіміне» енгізілген.

31 жастағы қазақ қызы Құралай Әбдіғалымова 2019 жылы Mannatech Energy (Kazakhstan) Co., Ltd. компаниясына заң бөлімінің жауапты қызметкері болып жұмысқа тұрған болатын. Құралай қытайлық компаниялардың жергілікті қоғам мен экономикаға әкелген өзгерістерін терең сезініп, «Қытай - Қазақстанның негізгі инвестиция көздерінің бірі. Бұл инвестициялар өндіріс пен индустрияландыруға ғана емес, сонымен қатар жұмыспен қамтуға мүмкіндік туғызады»,- дейді.

Құралай бұрын ірі халықаралық консалтингтік компанияда заңгер болып жұмыс істеген. Ол жасыл энергетика жобалары бойынша Еуропалық және Азиялық компаниялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Кейін ол өзінің дағдылары мен білімін серпінді салада дамуы үшін пайдалануды шешті.

«Қытай жаңартылған энергия нарығындағы әлемдік деңгейдегі көшбасшы елдердің бірі. Бұл мені белсенді қытайлық компанияларға қосылуға қызықтырды» деген Құралай жұмысқа келгеннен кейін Mannatech Energy-дің жергілікті аймаққа үлкен үлес қосқанын байқады. «Компанияның жобалары электр қуатының жетіспеушілігін толтырып қана қоймайды, сонымен қатар атмосферадағы зиянды шығарындыларды азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашты», - деді жас заңгер.

Өмірде Құралай саяхаттауға әуес. Қытайда болмаса да, жоспарына Қытай кіріп үлгерген. Қытай – ежелгі өркениет пен озық заманауи технологияны ұштастыратын мықты ел деп ойлайтын ол осы елде болуға қатты қызығып отыр.

Құралайдың Қытайға келгісі келетінінің тағы бір себебі, ол Қытайлық компанияға келгеннен кейін, Қытайдың дамуын әртүрлі арналар арқылы біліп, мәдени экономикасына қатысты жаңалықтарға назар аудара бастады. «Қытайлық әріптестер бізге әрқашан белсенді көмек пен жан-жақты қолдау көрсетеді. Мен Mannatech Energy-дің Қытайдағы компаниясындағы әріптестеріммен шынайы өмірде кездесіп, корпоративтік мәдениетті сезініп, компанияның ауқымын түсінгім келеді»,- деді ол.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото