Шанхай 2026 жылғы WorldSkills байқауын өткізу құқығын жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Адам ресурстары және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі 27 қыркүйекте Қытайдың Шанхай қаласы WorldSkills ұйым мүшелерінің дауыс беруінен кейін 2026 жылғы WorldSkills байқауын өткізу құқығын жеңіп алғанын хабарлады.

WorldSkills байқауы «Кәсіби дағдылар Олимпиадасы» ретінде танымал. Оның бәсекелестік деңгейі бүгінгі кәсіби дағдыларды дамытудың әлемдік озық межесін анықтайды.

Биыл WorldSkills ұйымы 46-ншы WorldSkills бағдарламасына балама ретінде 15 елде байқаудың 2022 жылғы арнайы іс-шараларын ұйымдастырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото