Қытайдың 14-ші әуе көрмесі қараша айында Чжухайда өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйекте Қытайдың 14-ші халықаралық авиация және аэроғарыш көрмесі осы жылдың 8-13 қарашасы аралығында Гуандун өлкесінің Чжухай қаласындағы халықаралық авиашоу орталығында өтеді. Америка Құрама Штаттары, Италия, Бразилия және Австралия сынды 43 ел мен аймақтан 740-тан астам отандық және шетелдік компаниялар онлайн және офлайн режимде қатысады. Жабық көрме алаңының көлемі 100 000 шаршы метрді құрайды , Ашық көрме алаңында 100-ден астам ұшақ көрсетіледі. Әлемнің озық деңгейіндегі жаңа аэроғарыш өнімдерінің «алғашқы көрсетілімі» болады.

Көрмеде Қытай ғарыш станциясының композиттік дисплей модулі алғаш рет жұртшылықпен жүздеседі.

Ұлттық қорғаныс техникасы бойынша бірқатар жаңа жүйелер мен жаңа техникалар ұжымдық түрде таныстырылады. Солардың ішінде еліміз әзірлеген ұшқышсыз ұшаққа қарсы жүйе де осы әуе көрмесінде алғаш рет көрсетілмек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото