Бейжіңде «Ұлттар әдебиеті» журналының 40 жылдығы атап өтілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қыркүйек
Бейжіңде «Ұлттар әдебиеті» журналының 40 жылдығы атап өтілді

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжіңде «Ұлттар әдебиеті» журналының құрылғанына 40 жыл толуына арналған жиналыс өтті.

Қытайдың Реформа мен ашық есік саясатының алғашқы жылдарында құрылған «Ұлттар әдебиеті» журналы Қытай Жазушылар қауымдастығының бақылауындағы ұлттық деңгейдегі этникалық азшылық әдеби журналы болып табылады. Басылым құрылғаннан бастап этникалық азшылықтың көптеген тамаша шығармаларын басып шығарды және олардың арасынан қаншама кәсіби қаламгерлерді қалыптастырды. Кейбір аз ұлттардың жазба әдебиеті тұралап қалған ақтаңдақ орнын «Ұлттар әдебиеті» толықтыра алды.

Қытай жазушылар қауымдастығының төрағасы Тие Нин өз сөзінде «Қытай әдебиеті әлемінде этникалық азшылық әдебиеті өзіндік көркемдік-шығармашылық сипатымен ерекшеленіп, Қытай әдебиетінің маңызды бір арнасын құрайды. Ұлы Отанның қарыштап дамуымен ілесе Қытай аз ұлт әдебиеті өркендеп келеді. Соңғы 40 жылда «Ұлттар әдебиеті» еліміздегі аз ұлттар әдебиетінің ұжымын белсенді түрде кеңейтіп, әлеуетін нығайтып, этникалық азшылық әдебиетінің дамуына маңызды үлес қосты. «Ұлттар әдебиеті» арқылы аз ұлттардың көрнекті қаламгерлер қатары молайып, сөз өнерін сүйетін ұрпақ қалыптасты. Көптеген тамаша этникалық азшылық әдеби туындылары барлық этностар оқырмандарының жүрегіне жол тауып, жадында сақталып қалды»,- деді.

«Ұлттар әдебиеті» бас редакторы журналдың жалпы жағдайымен таныстырды. Қазіргі таңда «Ұлттар әдебиеті» - қытай, монғол, тибет, ұйғыр, қазақ және кәріс тілдерінде жарық көретін 6 нұсқасы бар әлемдік әдеби басылымдардың ішіндегі бірегейі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото