Білім министрлігі: Қытайдағы жоғары білімі бар адамдардың саны 218 миллионнан асады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қыркүйек
Білім министрлігі: Қытайдағы жоғары білімі бар адамдардың саны 218 миллионнан асады

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйек күні Білім министрлігі баспасөз мәслихатын өткізді. Білім министрлігінің дамуды жоспарлау департаментінің директоры Лю Чанья елдегі жоғары білімі бар халық санының 218 миллионнан асқанын, ұлттық сапаның үздіксіз жақсарып келе жатқанын жеткізді.

2021 жылы елде 291 миллион оқушы және студент оқитын барлық деңгейдегі және типтегі 529 300 оқу орындары болды. Бұл көрсеткішті 2012 жылмен салыстырсақ, 6 300-ден аса оқу орындары мен 28 миллионнан астам оқушы және студент көбейген.

Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі білім берудің жалпыласуы орта және жоғары табысы бар елдердің орташа деңгейіне жетті немесе одан асып түсті. Олардың ішінде жалпыға міндетті білім беру әлемдегі табысы жоғары елдердің орташа деңгейіне жетті. Ал жоғары білім беру танымал болудан жалпыласу деңгейіне жетті.

2021 жылы еңбекке қабілетті жастағы халықтың орташа білім алу жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1 жылға артып, 10,9 жылға жетті. Оның ішінде жоғары білімділердің үлесі 24,9%-ды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 10,3 пайыздық тармаққа жоғарылаған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото