Сыртқы істер министрлігі: Ұлттық мүддеге нұқсан келген кезде біз ешқашан қол қусырып отырмаймыз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 қыркүйек

30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қыркүйектің 29 күні таңертең Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімі «Қытайдың осы онжылдығы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Қытай дипломатиясы күресті жалғастыра ма?- деген сұраққа Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюй: «Ұлттық егемендік, қауіпсіздік және даму мүдделерін қорғау Қытай дипломатиясының қасиетті миссиясы болып табылады. Ұлттық мүдделердің зардап шегуіне біз ешқашан қол қусырып қарап отырмаймыз»,-деді.

Ма Чжаосюй: «Қытай Коммунистік партиясының 18-інші мемлекеттік құрылтайынан бері, Си Цзиньпин жолдас басшылық еткен ҚКП Орталық Комитетінің жетекшілігі арқылы, мығым ерік жігермен, берік әрекеттермен, қүшті шараларымен, біз ұлттық мүдде мен ұлттық қадыр-қасиеттің бекем қорғанын салдық, елдің дамуы мен қауіпсіздігінің бастамасын өз қолымызда мықтап ұстадық».

Ма Чжаосюй: «Біз «Бір Қытай» қағидасын қатаң ұстанып, 9 елмен дипломатиялық қатынасты орнатып қалпына келтірдік, Тайвань мәселесінде арандатушылықтарға жол бермей, халықаралық қоғамдастықта «Бір Қытай» консенссиясын анағұрлым бекемдедік. Сыртқы күштердің Сянган істеріне килігуін бөгеп, Сянганның былықпалығынан арылып, жақсы жағдайға жетуіне ықпал жасадық. Шыңжаңға қатысты қауесеттерді шындықпен тойтарып, «Шыңжаң арқылы Қытайға кедергі болғысы келгендерге» тосқауыл қойдық».

«Біз БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде және БҰҰ Бас Ассамблеясының Үшінші комитетінде «Адам құқықтарын» желеу еткен Қытайға қарсы әрекеттерді қатарынан жеті рет тежедік. Біздің дипломатиялық күресіміз Қытайдың ұлттық мүддесі мен абыройына нұқсан келтіретін сөздер мен істерге бағытталған. Өзіміздің заңды құқықтарымыз бен ұлттық мүдделерімізді қорғап, гегемония мен үстемдікке қарсы тұрып, халықаралық әділеттілікті қолдаймыз. Біз өз іс-әрекеттеріміз арқылы әлемге Қытай ұлтын әркім басынатын дәуір әлдеқашан өтіп кеткенін, Қытайдың даму қарқынын ешбір күш тежей алмайтынын айтқымыз келеді». 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото