Шыңжаң Моңғұлкүре ауданында иммунитетті жақсарту үшін 500 мыңнан астам қойды «дәрілік ваннаға» салды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 қыркүйек
Шыңжаң Моңғұлкүре ауданында иммунитетті жақсарту үшін 500 мыңнан астам қойды «дәрілік ваннаға» салды

30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Күз - мал ауруларының өршитін және қойларды дәрілік ваннаға салу мен вакцинациялаудың маңызды мезгілі. Жақында Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданында 500 мыңнан астам қойды «дәрілік ваннаға» салып, олардың өсіп-жетілуіне, иммунитетінің жақсаруына және қыстан аман-есен шығуына жағдай жасалды.

Жергілікті мал дәрігерлері қойларды «дәрілік ваннаға» түсірді. Қойды айдау, иіру, ваннаға түсіру, дәрі ваннасынан малтып өткізу жұмыстары ретімен жүріп, қысқа уақытта қоралы қой «дәрілік ваннаға» түсіп шықты.

Дәрілік ванна паразиттерді жойып, малдағы қышыма ауруының алдын алумен қатар, зарарсыздандыруда да маңызды. Сонымен қатар қойдың дене тазалығына, өсіп-жетілуіне пайдасы бар. Дәрілік ванна саулық қойлардың төлдеуін арттырып, қозылардың жетілу көрсеткішін жақсартады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото