Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы: Қытайдың инновация саласындағы жаһандық рейтингі тұрақты түрде жақсарды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 қыркүйек

30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 29 қыркүйек күні жариялаған «2022 жаһандық инновация көрсеткішіне» сәйкес, Қытайдың инновация саласындағы жаһандық рейтингі соңғы жылдары тұрақты түрде жақсарып, 2022 жылы 11-інші орынға көтерілді.

Бапяндамада COVID-19 пандемиясына қарамастан, 2021 жылы жаһандық инновациялық қызметке түрткі болатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және басқа инвестициялар қарыштап дамыды делінген. Әлемдік жетекші компаниялардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық шығындары 2021 жылы шамамен 10%-ға артып, 900 миллиард доллардан асты. Бұл COVID-19 пандемиясынан бұрынғы 2019 жылмен салыстырғанда жоғары. Көрсеткішті негізінен төрт сала ілгерілетті. Олар:АКТ аппараттық және электр жабдықтары; бағдарламалық қамтамасыз ету және АКТ қызметі; фармацевтика және биотехнология; құрылыс және өнеркәсіптік металдар.

Жаһандық экономикалар рейтингіде инновациялық мүмкіндіктер бойынша алғашқы бестікті Швейцария, АҚШ, Швеция, Ұлыбритания және Нидерланды иеленіп отыр. Рейтингті өзгерту тұрғысынан алғанда, АҚШ, Нидерланды, Сингапур, Германия және Канада рейтингтері жоғарылады. Қытай 2020 және 2021 жылдары сәйкесінше 14 және 12-нші орындардан жоғарылауды жалғастырып, 2022 жылы 11-інші орынға көтерілді. Түркия мен Үндістан алғаш рет 37-нші және 40-ыншы орындарды еншілеп, алдынғы 40-тың қатарына енді.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дэн Хунсень «2022 жаһандық инновация индексінің» ашылу салтанатында Қытайдың жетістіктері бір елдің инновация өсуін дамудың қозғалтқышы ретінде пайдаланатын және көп көңіл бөлінетін істің әлеуетін көрсетеді деп мәлімдеді. Ол: «Қытай жан-жақты инновациялық экожүйені құрды, бұл ел табысының маңызды факторы болып табылады»,- деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото