Конфуций институтының Қытай тілі сабағы Түркия Президенті сарайына кірді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Түркия үкіметінің ұсынысымен Түркиядағы Таяу Шығыс технологиясы университетінің Конфуций институты 6 қазаннан бастап, президент сарайында 4 айға созылатын Қытай тілі сабағын орналастырды, сабақ алушылар президент сарайындағы қызметкерлері.

Сол күні өткізілген ашылу салтанатында Түркия вице-президентінің сыртқы істер жөніндегі бас кеңесшісі Халил Түркияның «Бір белбеу, бір жол» бастамасын ерекше қолдайтынын, Қытай тілі сабағының ашылуы «Бір белбеу, бір жол» құрылысына оң ықпал ететінін, екі елдің экономикалық ынтымақтастықты нығайтуын үміт ететінін білдірді.

Түркиядағы Қытай елшілігінің қоғамдық кеңесшісі Ли Цинь, президенттік сарайында Қытай тілі сабағын ашу аса маңызды екенін, екі ел халқы арасындағы тарихи мәдениет және тіл саласындағы алмасуларға одан әрі ықпал ететінін, өзара түсіністікті тереңдетіп, екі ел халқын жақындата түсетінін айтты.

Таяу Шығыс техникалық университетінің Конфуций институтының Қытай тарабынан директоры У Тяньси қытай тілі сабақтары негізінен президент сарайының қызметкерлеріне бағытталатынын таныстырды. Оқытудың мазмұнына қытай тілінің бастауыш курстары және дәстүрлі Қытай шай өнері, Тай-Чи сияқты Қытай мәдениеті бойынша практикалық сабақтар кіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото