Қытай Коммунистік партиясы жігерлі өміршеңдігін сақтайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- «Халық» - «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының түйінді сөзі. Халыққа бағытталған Даму идеологиясын ұстану арқылы Қытай 700 миллионнан астам адамды кедейліктен құтқарып, бүкіл әлем алдында ерекше даму жетістіктеріне қол жеткізді.

Мен Қытай философиясын зерттейтін ғалыммын. «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабы - менің соңғы кездегі маңызды зерттеу жұмысым. Кітаптың алғашқы екі томының италиян тіліндігі нұсқасы мен үшінші томының ағылшын тіліндегі нұсқасын оқығаннан кейін, мен бұл еңбектің Төраға Си Цзиньпин ойының мәніне бағытталғанын және Қытайдың ішкі істері мен дипломатиясын түсінудің маңызды құжаты екенін терең сезіндім.

«Халық» - «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының негізгі сөзі. Төраға Си Цзиньпин «Мемлекеттегі барлық билік халыққа тиесілі», «Біз әрқашан халықтың ұстанымымен санасып, халықтың басты мәртебесін сақтауымыз керек. Халықтан кішіпейілділікпен үйреніп, оның үнін тыңдап, даналығынан сабақ алуға тиіспіз», - дегенді баса айтады. Халыққа бағытталған Даму идеологиясын ұстану арқылы Қытай 700 миллионнан астам адамды кедейліктен құтқарып, бүкіл әлем алдында керемет даму жетістіктерін дәлелдеді.

Қытай Коммунистік партиясы әрқашан бұқаралық желіні ұстанды және бұқарамен тығыз байланыста болды. Төраға Си Цзиньпин партияның партия мен халық арасындағы тығыз байланысты сақтай алуы немесе сақтай алмауы - партия ісінің сәттілігі немесе сәтсіздігіне байланысты екенін атап өтті. Қытай Коммунистік партиясының 18-інші мемлекеттік құрылтайынан бастап, партия жан-жақты және қатаң басқаруды терең насихаттады, өз-өзімен күресуді үнемі ынталандырды және партияның жұмыс стилін тиімді түрде нығайтып, жетілдірді. Қытай Коммунистік партиясы халықпен етене байланыста болып, үнемі қуатты өміршеңдігін сақтады.

Төраға Си Цзиньпин Қытайдың тамаша дәстүрлі мәдениетіне үлкен мән беріп, бұл «әлемдік мәдени үгіт-насихатта орнығуымыз үшін берік негіз», «біздің ең қуатты мәдени күшіміз» және «қытайлық ерекшеліктері бар социализм үшін мәдени құнарлы бастау» екенін атап өтті. Төраға Си Цзиньпин адамның өзіне деген сенімділігі туралы баса айтады. Бұл Төрағаның дәстүрлі ұлттық мәдениетке мұрагерлік ету мен оны дамыту туралы терең ойларын айқындайды. Мұның бәрі мені ерекше таң қалдырады.

Заңға сәйкес елді басқару да «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде» кітабының маңызды мазмұны болып табылады. Төраға Си Цзиньпин Заң Үстемдігі жүйесі ұлттық басқару жүйесінің жүйе құраушы жобасы болып табылатынын ескертіп, «Заң әлемге бейбітшілік орнатса, ізгілік адам жүрегін тыныштандырады» көзқарасы арқылы елді заңға сәйкес басқару мен елде ізгілікті орнықтыруды үйлестіру қажеттігін атап өтті. Заң үстемдігі жүйесін нығайта отырып, қытай негізгі социалистік құндылықтарды дамыту мен тәжірибеге, қоғамда моральдық стиль орнатуға, әлеуметтік әділеттілікті қорғауға және насихаттауға үлкен мән береді. Ежелден бері Қытайда «Кем болса да, тең болсын», «Түзу адамның күші басым болады» сияқты даналық дәстүрі болған. Менің ойымша, Төраға Си Цзиньпиннің негізгі сөздері тамаша дәстүрлі қытай мәдениетімен сабақтасып жатыр.

Қытай халықаралық қатынастарды жүргізудің басты принциптері ретінде бейбіт қатар өмір сүрудің бес қағидасын ұстанады. Гегемония мен үстемдік саясатынан бас тартуға басымдық беріп, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруды белсенді түрде насихаттайды. Төраға Си Цзиньпин атап өткендей: «Егер әлем жақсы болса, Қытай жақсы бола алады; Қытай жақсы болса, әлем анағұрлым жақсы бола алады». Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымы өзек еткен халықаралық жүйені берік қорғайды, оны күшті, әділ және тиімді етуге бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымының реформасын белсенді қолдайды.

Еуропа бүгінде әлемдегі маңызды күш болып табылады. «Си Цзиньпин ел басқару жөнінде"» кітабын оқи отырып, Мен Төраға Си Цзиньпиннің еуропалық қатынастардың дамуына үлкен мән беретінін сезіндім. Бельгияның Брюггегі Еуропалық академиясында айтқан маңызды сөзінде Төраға Си Цзиньпин Қытай мен ЕО бейбітшілік, даму, реформа мен өркениет көпірін салуды және Қытай мен ЕО арасында жаһандық ықпалға ие жан-жақты стратегиялық серіктестік құру үшін бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, Қытай әрқашан еуропалық интеграция процесін қолдайды және әрқашан біртұтас, тұрақты және гүлденген Еуропалық Одақтың халықаралық істерінде үлкен рөл атқаруына жақтасады. Мен ЕО мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың іргетасын нығайтудың жалғасуын асыға күтемін.

(Авторы-Мачерата университетінің профессоры, Италия)

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото