Шыңжашда он жылдан бері 62,200 шақырым жаңа жолдар салынды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында тілшінің Шыңжаң Ұйғыр автономиялы регионының көлік бөлімінен алған ақпаратына сәйкес, 2012 жылдан бастап Шыңжаңда 62,200 шақырым жаңа жолдар салынғаннан кейін, Шыңжаңдағы тас жолдың жалпы ұзындығы 217,300 шақырымға жетті. Автомобиль жолдарының тығыздығы 2012 жылдың бастапқы кезеңімен салыстырғанда 40% -дан астамға өсті. Барлық қалалар мен ауылдар арасын жалғайтын тас жол салынып болды.

107 аудан мен қалаларда екінші деңгейлі және одан жоғары тас жол төселді. Олардың 93-іне жоғары жылдамдықты (бірінші деңгейлі) тас жол салынды. Ауыл жолдарының жалпы ұзындығы 180,600 шақырымға жетіп, оның ішінде деңгейлі жолдардың үлесі 86,9%-ды құрады.

Бүгінгі таңда Шыңжаңның оңтүстік, солтүстік, орта бөлігіндегі үш ірі тасжол арнасы түгелдей аяқталып, көліктік жол желісі деңгейі едәуір жақсарды. Олардың ішінде жоңғар ойпаты тас жолы салынып болды. Тарым ойпатының тас жолы негізінен аяқталды. Ал үшінші Такламакан шөл тас жолында көлік қатынай бастады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото