- Барлық ақпарат
Мемлекет мерекесі кезінде ел бойынша 422 миллион адам саяхатқа шықты
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 қазан
8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Мәдениет және туризм министрлігінің деректер орталығының хабарлауынша, 2022 жылғы мемлекет мерекесінің 7 күндік демалысында отандық саяхатқа шыққандар саны 422 миллионға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 18,2% -ға азайып, қалпына келуі бойынша 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,7%-ды құрады. Бұл 287,21 миллиард юань болатын ішкі туризмнің кірістерін іске асырып, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 26,2% -ға төмендеп, 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі 44,2%-ын қалпына келтірді. Ұлттық мәдени-туристік демалыс нарығы жан-жақты қауіпсіз тәртіппен өтті.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online