Ұлттық статистика бюросы: соңғы 10 жылда Қытайда ЖІӨ бірлігіне шаққандағы энергия шығыны орта есеппен 3,3 %-ға қысқарды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қазан

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қазанда Ұлттық статистика бюросы жариялаған партияның 18-інші мемлекеттік құрылтайынан кейінгі экономикалық және әлеуметтік даму жетістіктері туралы есептер сериясында, 2021 жылы Қытайдың жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) бірлікке шаққандағы энергия шығыны 2012 жылмен салыстырғанда 26,4% - ға төмендегенін, орташа жылдық төмендеу мөлшері 3,3% болғаны көрсетілді. Бұл шамамен 1,4 миллиард тонна стандартты көмір энергиясын үнемдеуге және аз пайдалануға тең.

Есеп Қытайдағы энергия өндірісінің құрылымы қарқынды өзгерісте екендігін, таза энергияның үлесі артып келе жатқанын көрсетеді. 2021 жылы қазба емес электр энергиясын өндірудің белгіленген қуаты алғаш рет көмір энергетикасынан асып, белгіленген қуаттылығы 1,12 миллиард киловаттқа жетті. Бұл электр энергиясын өндірудің жалпы белгіленген қуатының 47%-ын құрайды. Гидроэнергетика, жел және күн энергиясының белгіленген қуаты 300 миллион киловаттан асып, бұл ұзақ жылдар бойы әлемде бірінші орынды иеленді.

Табиғи газ, гидроэнергетика, атом энергетикасы және жаңа энергетика сияқты энергия өндіру құрылымындағы таза энергия көздерінің үлесі өсуде. 2021 жылы табиғи газдың үлесі бастапқы энергия өндірісінің жалпы көлемінің 6,1%-ын құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа артық. Ал бастапқы электр энергиясы мен өзге энергия көздерінің үлесі 20,3%- ға дейін көтеріліп, 9,1 пайыздық тармаққа жоғарылады. Шикі көмірдің үлесі 67%-ды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 9,2 пайыздық тармаққа азайды.

Таза және төмен көміртекті энергияны тұтыну жеделдетілді. 2021 жылы жалпы энергия тұтынудағы көмірдің үлесі 2012 жылғы 68,5% - дан 56% - ға дейін төмендеп, 12,5 пайыздық тармаққа азайды; мұнай үлесі 17% - дан 18,5% - ға дейін, 1,5 пайыздық тармаққа артты; табиғи газдың үлесі 4,8% - дан 8,9% - ға дейін артып, 4,1 пайыздық тармаққа ұлғайды. Бастапқы электр энергиясы және өзге энергия көздері 9,7% - дан 16,6% - ға дейін артып, 6,9 пайыздық тармаққа жоғарылады.

Жан басына шаққандағы энергия тұтыну деңгейі артып келеді. Осы сала бойынша 2020 жылы Қытайдың энергия шығыны 3531 килограмм стандартты көмірді құрады. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 18,9% - ға артты, орташа жылдық өсім 2,2% - ға тең. Халықтың күнкөрісіне арналған энергетикалық қамтамасыздандыру қуаты артты. 2020 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы энергия шығыны 456 килограмм стандартты көмірді құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 46,2% - ға ұлғайды. Орташа жылдық өсім 4,9% - ға теңеліп, жан басына шаққандағы электр энергиясын тұтыну жылына орта есеппен 7,3% - ға, ал жан басына шаққандағы табиғи газды тұтыну жылына орта есеппен 8,1% -ға көбейді.

Есепке сәйкес, 2021 жылы елдегі жалпы энергия шығыны 5,24 миллиард тонна стандартты көмірді құрады. Көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 30,4% - ға өсті. Энергия тұтынудың 3%-дық жылдық орташа өсу қарқынымен ЖІӨ-нің 6,6% - дық жылдық орташа өсу қарқыны сәйкесіп келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото