Чэнду үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты——
Қытай ерлер құрамасы арасынан оныншы чемпионатты жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 қазан

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қазанда кешке Сычуань өлкесінің Чэнду қаласында 2022 жылғы үстел теннисінен 56-ншы командалық әлем чемпионатында (финал) ерлер арасындағы командалық жарыс аяқталды.

Фан Чжэньдун, Малун және Ван Чучинь үшеуінен құралған Қытай командасы Германияны 3-0 есебімен жеңіп, үстел теннисінен әлем чемпионаты ерлер командасы арасынан оныншы чемпионатты жеңіп алды. Бұл сондай - ақ Қытай командасының Светлана кубогының чемпионы кубогын 22-нші рет жеңіп алуы.

Биылғы үстел теннисінен әлем чемпионатының командалық есебінде Қытайдың ерлер құрамасы бес ойыншыны жіберді. Олар: Фан Чжэньдун, Малун, Ван Чучинь, Лян Цзинкунь және Лин Гаоюань.

Топтық кезеңнен плей-офф кезеңіне дейін Қытай командасы 8 матчта 8 рет жеңіске жетті. Соңғы нәтижеде бірінші орынға сәтті көтерілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото