Соңғы он жылда Қытайда тіркелген өнертабыс патенттерінің орташа жылдық өсу қарқыны 13,8%-ды құрады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 қазан

10 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік зияткерлік меншік басқармасы директорының орынбасары Ху Вэньхуэй 9 қазанда өткен Мемлекеттік зияткерлік меншік басқармасының кезекті баспасөз мәслихатында 2012 жылдан 2021 жылға дейін Мемлекеттік зияткерлік меншік басқармасы өнертабыстарға жалпы 3,953 миллион патент бергенін, бұл көрсеткіштің жылына орта есеппен 13,8%-ға өсіп отырғанын, жалпы 35,563 миллион сауда белгілері тіркелгенін, мұның орташа жылдық өсімі 25,5%-ды құрағанын хабарлады.

«Біздің еліміздің зияткерлік меншік құқығы инновациялар мен жасампаздықты ынталандыруда неғұрлым пәрменді болып табылады»,- деді Ху Вэнхуэй. 2022 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қытайдағы өнертабыс патенттерінің нақты саны 4,081 миллионды құрады. Оның ішінде отандық өнертабыс патенттерінің нақты саны (Сянган, Аомэнь және Тайваньды қоспағанда) 3,154 миллионға жетті. 41,523 миллион жарамды сауда маркалары тіркелді және барлығы 2495 географиялық бағыттағы өнімдер мақұлданды. Ұжымдық тауар белгілері және тіркеу үшін сертификатталған тауар белгілері ретінде 6992 географиялық көрсеткіш бекітілді. Интегралды схеманың орналасу дизайнына барлығы 59000 сертификат берілді.

Назар аударар болсақ, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы жариялаған соңғы «Жаһандық инновациялық индекс-2022» рейтингінде еліміз 2012 жылы 34-орыннан 2022 жылы 11-орынға көтеріліп, 10 жыл қатарынан тұрақты түрде ілгерілеген.

Ху Вэньхуэйдің айтуынша, біздің елдің рейтингісі жалпы 23 орынға өскен. Бұл еліміздің зияткерлік меншік құқықтарының жан-жақты қуаттылығын және ғылыми-техникалық инновациялық әлеуетінің ілгерілеуін көрсетеді. Сонымен қатар елдің зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтудегі жетістіктерін дәлелдейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото