Еліміздегі экспресс-дүкендер қалалар мен ауылдарды толық қамтып отыр

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 қазан

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП 18-інші мемлекеттік құрылтайынан кейін Қытайдың пошта жөнелтілімдері индустриясы қарапайымнан ұлғаюға қарай өтіп, 100 миллиард данадан астам жедел жеткізу бизнесінің жылдық көлемімен, триллион юаньдық жедел жеткізуден түскен жылдық табыспен жаңа кезеңге аяқ басты. Әлемдегі ең қолжетімді, ең инклюзивті, ең ауқымды және ең үлкен пошта экспресс желісі іске қосылды.

Бүгінгі таңда Қытайдың пошта торабының жалпы ұзындығы (бір бағытта) 10 миллион километрден асады. Жедел жеткізу желісінің жалпы ұзындығы (бір бағытта) 40 миллион километрге жетті. 413 000 жедел жеткізу бөлімшелері,кең ауқымды пошта экспресс-жеткізілімінің желісі бірыңғай ұлттық нарықты құруға маңызды кепілдік береді.

Әмбебап пошта қызметтерін теңестіру деңгейі үздіксіз жоғарылауда. Ел бойынша 500 000-нан астам ауыл мен 128 шекара және жағалау қорғаныс бекеттері тікелей пошта арқылы жеткізумен қамтамасыз етілді. Жедел жеткізу бекеттері қала мен ауылдарды толығымен қамтып отыр. Ауылды жедел жеткізу қызметімен қамту деңгейі 80%-дан асты.

Биылғы жылы пошта экспресс-жеткізу индустриясы одан әрі дамып келеді. Жедел жеткізу бизнесінің көлемі алғашқы үш тоқсанда өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда шамамен 4,2%-ға артады деп күтілуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото