Соңғы он жылда бүкіл ел бойынша қалалық жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 94,86 миллионға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 қазан

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қазан күні Ұлттық статистика бюросы жариялаған ҚКП 18-інші мемлекеттік құрылтайынан кейінгі экономикалық және әлеуметтік даму жетістіктері туралы есептерде, 2021 жылы бүкіл ел бойынша қалалық жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 467,73 миллионға жетіп, көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 94,86 миллионға өскен.

Мәліметтерге сәйкес, негізгі топтардың жұмыс қауіпсіздігі тұрақтанды. 2012 жылдан 2021 жылға дейін елдегі еңбекші-мигранттардың жалпы саны 262,61 миллионнан 292,51 миллионға дейін өсіп, оларды жұмыспен қамту деңгейі тұрақты түрде жоғарылады. Кедейлерді жұмыспен қамту үздіксіз артты. 2012 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 5,5 миллионнан астам жұмыссыздар қайта жұмысқа орналасты, 1,7 миллионнан астам кедей адамдар жұмысқа тұрды және 50 000-ға жуық үйінде ешкім жұмыс істемейтін отбасынан кем дегенде бір адам жұмысқа орналасты.

Қызмет көрсету саласының жұмыс орындарын қамту қабілеті артты. 2021 жылы елдің бірінші, екінші және үшінші салаларында жұмыс істейтін адамдардың саны тиісінше 170,72 млн, 217,12 млн және 358,68 млн болып, бұл сәйкесінше 22,9%, 29,1% және 48%-ды құрады. Үшінші саладағы жұмыспен қамту құрылымы мен шығарылатын өнім құнының құрылымы арасындағы үйлестіру айтарлықтай жақсарды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото