Экологиялық тағамның дәмі тіл үйіреді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 қазан
Экологиялық тағамның дәмі тіл үйіреді

12 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында тілшілердің Шыңжаңның Санжы Дүңген автономиялық облысы Манас ауданы Миньма экологиялық ауылына жолы түсіп, тасжолдың іргесіндегі шаруалар саяжайына ат басын бұрды. Саяжайдың меңгерушісі Жеңіс Күлкенұлы қонақтардың алдынан шығып: «Қазы-қарта, жал-жая, төре табақ тауық етінің қайсысына тәбеттеріңіз тартады? Алдымен қазақтың сүтті шайынан бір шәугім әкелейін, дәмі тіл үйіреді!»,- деп қонақжайлылық танытты.

Жеңіс тілшілерге Миньма экологиялық ауылы бұрынғы қазақ малшыларының қыстау жеріне салынғанын, мұндағы тұрғындар малшылық кәсіппен айналысып, шөптің шүйгінін, судың тұнығын қуып тіршілік кешкенін, бүгінде осы ауылға қоныстанғанын айтты.

«Бүгінгі бақуатты күндеріміз партияның арқасы. Ауыл маған екі киіз үй тігіп берді. Екі үйімде бір мезгілде 50 қонақ күтуге болады. Сонымен бірге малдарыма қыстайтын жылы қора салып берді, 10 сиырым бар»,- деді Жеңіс сөзін сабақтап

Ауыл партия бөлімшесінің хатшысы Дарқан Шәкірқанұлының айтуынша, бұл ара бұрын кедей мал шаруашылық ауылы болған. Еліміздің Оңтүстік-шығысындағы Фудзян өлкесі Саньмин қаласы Шыңжаңға көмектесу мақсатында экологиялық қоныстандыру жобаларын жүргізіп, Шыңжаңдағы алғашқы жоғары сапалы отырықшы ауыл салған. Қазір ауылдағы 572 диқан мен малшы отырақтандыру үйіне кіріп үлгірген. Үйлер су және жылыту жүйесімен жабдықталған. Ауыл балалардың оқуына қолайлы, емхана жақын, тұрғындар дәрігерге қаралу үшін медициналық сақтандыруды қолданады. Ірі қара мен қой өсіруге субсидия берілген. Ауылдағы жан басына шаққандағы жылдық табыс шамамен 20 000 юаньды құрайды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото