Соңғы 10 жылда қала мен ауыл тұрғындары арасындағы салыстырмалы табыс алшақтығы үздіксіз қысқарды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 қазан

12 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қазанда Ұлттық статистика бюросы жариялаған ҚКП 18-інші мемлекеттік құрылтайынан кейінгі экономикалық және әлеуметтік даму жетістіктері туралы есептер сериясында, 2021 жылы бүкіл ел бойынша жан басына шаққандағы қолда бар табыстың 35128 юань болғанын көрсетті. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 18618 юаньға көп, орташа жылдық номиналды өсім 8,8% - ға тең. Баға факторлары шегерілгеннен кейін орташа жылдық нақты өсім 6,6%-ды құрайды. Олардың ішінде қала мен ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы қолда бар табысының арақатынасы 2021 жылы 2,50-ді құрады (ауыл тұрғындарының табысы =1). Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,38-ге аз. Яғни қала мен ауыл тұрғындары арасындағы салыстырмалы табыс алшақтығы үздіксіз қысқаруда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото