- Барлық ақпарат
ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишань Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті
13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен кездесті.
Ван Цишань Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді және Қытай мен Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, өнеркәсіп кооперациясы мен цифрландыру бағытындағы екіжақты қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Ван Цишань екі ел арасындағы қарым-қатынас мәңгілік достық пен өзара сенім рухында екенін айтты.
Ван Цишаньмен әңгімелесу барысында ҚР Мемлекет басшысы Қытайдың АӨСШК саммитіне аса жауапкершілікпен қарап, қатысуы - бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы өзара сенімге негізделген серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқаны екенін айтты.
ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишань Қазақстанның Астана қаласында өткен өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің алтыншы саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Ван Цишань АӨСШК бірлік пен ынтымақтастықты нығайтып, қиындықтарға барынша төтеп беріп, тағдыры ортақ Азия қауымдастығын құруға ұмтылуы керектігін атап өтті.
people.cn © People's Daily Online