Соңғы 10 жылда Тибетте астық өндірісі тұрақты түрде өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Арпа-Цинхай-Тибет үстіртіндегі маңызды азық-түлік дақылы. Соңғы он жылда Тибеттің ауыл шаруашылық секторы арпа тұқымын мол өсіріп, танымал етті. Деректер 2021 жылы Тибет 90,8% қамту көрсеткішімен 132127 гектар сапалы арпа тұқымын өсіруге ықпал еткенін айғақтайды.

Климат пен жер жағдайының әсерінен Тибетте өнімділігі төмен және орташа ауыл шаруашылық алқаптарының үлесі жоғары. Бұл ұзақ уақыт бойы астық өндірісін шектейтін маңызды факторлардың бірі болған еді. Өнімділігі жоғары тұқымдарды көбейтіп, жоғары сапалы ауыл шаруашылық жерін әзірлеу шаралары Тибетте астық өндірісін тұрақты түрде арттырып келеді. Тибет автономиялық регионының статистика бюросы жариялаған мәліметтерге сәйкес, соңғы он жылда Тибетте жылдық астық өндірісі 2012 жылғы 949 000 тоннадан 2021 жылы 1,0615 миллион тоннаға дейін өскен. Жылдық өндіріс көлемі 7 жыл қатарынан 1 миллион тоннадан асып, жылдық орташа өсу қарқыны 1,3%-ға жетті. Арпа өндірісі 2012 жылғы 637 100 тоннадан 2021 жылы 801 200 тоннаға дейін ұлғайып, жылдық орташа өсу қарқыны 2,6%-ды құрады.

Тибет автономиялық регионының ауыл шаруашылығы және ауылдық істер департаментінің директоры Ду Цзе 2022 жылы Тибеттегі астық егу алқабы мен өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда жоғары болатынын айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото