Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының түйінді міндеттерін атап көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 қазан
Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының түйінді міндеттерін атап көрсетті

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайы 16-ншы қазан күні таңертең Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында салтанатпен ашылды. Си Цзиньпин ҚКП 19-ыншы Орталық Комитет атынан ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайына баяндама жасады.

Жаңа дәуірдегі және жаңа сапардағы Қытай Коммунистік партиясының миссиясы мен міндеттері туралы айта отырып, Си Цзиньпин бұдан былай Қытай Коммунистік партиясының түйінді міндеті - бүкіл елдегі барлық этникалық топтардың халқын ынтымақтастырып және басшылық етіп, жаппай социалистік модернизацияланған қуатты ел құру, екінші жүз жылдық күрестің мақсатына жету және Жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуін Қытай үлгісінде модернизацияланған жан-жақты түрде ілгерілету екенін айтты.

Жаппай социалистік модернизацияланған қуатты ел құрудың жалпы стратегиялық бағыты екі қадамнан тұрады. Олар: 2020 жылдан 2035 жылға дейін социалистік модернизациялауды негізінен жүзеге асыру; 2035 жылдан бастап осы ғасырдың ортасына дейін елімізді бай да қуатты, демократиялы, өркениетті, жарасымды, көркем модернизацияланған социалистік қуатты ел етіп құру.

Сонымен қатар баяндамада алдағы бес жылдың жаппай социалистік модернизацияланған ел құруға қадам басудың маңызды кезеңі болатынын атап өтті.

«Қос жүз жылдық» мақсат дегеніміздің біріншісі, ҚКП құрылғанының 100 жылдығына дейін жаппай дәулетті қоғам құру;Екіншісі, Жаңа Қытайдың құрылғанының 100 жылдығына дейін елімізді бай да қуатты демократиялы, өркениетті, жарасымды, көркем модернизацияланған социалистік ел етіп құру.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото