Си Цзиньпин соңғы он жылда үлкен маңызға ие болған үш ірі оқиғаны атап өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 қазан

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайы 16 қазанда таңертең ашылды. Си Цзиньпин ҚКП 19-ыншы Орталық Комитетінің атынан 20-сыншы құрылтай баяндамасын жасады.

Си Цзиньпин былай деді: «18-інші мемлекеттік құрылтайдың ашылғанына он жыл толды. Осы кезеңде біз партия мен халық ісінде орасан зор практикалық маңызы бар және ауқымды тарихи маңызға ие үш ірі оқиғаны бастан өткердік:біріншісі - Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына жүз жыл толуы, екіншісі – Қытай үлгісіндегі социализмнің жаңа дәуіріне ену, үшіншісі - кедейлікпен күресудің және ауқатты қоғамды жан-жақты құрудың тарихи міндетінің орындалып,алғашқы жүз жылдық күрестің мақсатына жетуі».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото