Си Цзиньпин: Елімнің экономикалық қуаты тарихи секіріс жасады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 қазан

16 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайы 16 қазанда таңертең Халық құрылтайы сарайында ашылды. Си Цзиньпин ҚКП Орталық Комитетінің атынан 20-сыншы құрылтай баяндамасын жасады.

Си Цзиньпин былай деді: «Еліміздің экономикалық қуаты тарихи секіріске жетті. Жалпы ішкі өнім 54 трлн. юаньнан 114 трлн. юаньға дейін өсті. Бұл көрсеткіш бойынша еліміздің жалпы экономикасы әлемдік экономиканың 18,5% - ын құрап, 7,2 пайыздық тармаққа жоғарылап, әлемде екінші орынға көтерілді».

Баяндамада Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ 39 800 юаньнан 81 000 юаньға дейін өскені, еліміз астық өнімінің жалпы көлемі мен өндірістің ауқымы және валюта резервтері бойынша әлемде бірінші орында екені атап өтілді.

Си Цзиньпин былай деді: «Еліміз кейбір негізгі технологиялар бойынша серпілістерге қол жеткізіп, стратегиялық дамушы салалар өркендеді. Сондай-ақ адам басқаратын ғарыштық ұшулар, Айды және Марсты барлау, теңіз бен жер қабатының тереңдігін зерттеу, суперкомпьютерлер, спутниктік навигация, кванттық ақпарат, атом энергетикасы технологиясы, ірі ұшақтар өндірісі, биомедицина және т. б. салалар бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, инновациялық елдер қатарына кірді».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото