Ұлттық даму және реформа комитеті: Қытай шетелдік инвестицияларды ынталандыру бойынша күш-жігерін одан әрі арттырады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 қазан

18 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қазан түстен бұрын ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының ақпарат орталығы алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді.

Ұлттық даму және реформалар комитеті директорының орынбасары Чжао Чэнсинь Қытай шетелдік инвестицияларды ынталандыру бойынша күш-жігерін одан әрі арттыратынын айтты.

Оның айтуынша, Қытай шетелдік инвестицияларды ынталандыру саласын одан әрі кеңейту, озық өндірісті, заманауи қызмет көрсету салаларын, жоғары технологияларды, энергияны үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғауды және басқа салаларды ұлғайту, сондай-ақ орталық және батыс аймақтардағы шетелдік инвестицияларды қолдау үшін 2022 жылғы «шетелдік инвестицияларды ынталандыратын салалар каталогын» шығарып, солтүстік-шығыс аймақтарында шетелдік инвестициялар үшін неғұрлым тартымды саяси жағдайларды қамтамасыз етті.

Қытай өңдеу өнеркәсібіне инвестицияларды ұлғайтады, кәсіпорындардың шетелдік инвестициялармен бетпе-бет келетін шешілмеген мәселелерін шешуге назар аударады және шетелдік инвестицияларды ынталандырып, оған қызмет көрсетуді күшейтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото