Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі: Қытай әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі ретінде танылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 қазан

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгінде Қытай әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі болып саналады. Бұл туралы Қоғамдық қауіпсіздік вице-министрі Сю Ганьлу 19 қазан күні ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының баспасөз мәслихатында айтты.

Сю Ганьлу еліміздің кісі өлтіру, қылмыстық құқық бұзушылық деңгейлері ең төмен және қару қолдану бойынша зорлық-зомбылық жағдайлары ең аз орын алған елдердің бірі екенін атап өтті. 100000 тұрғынға шаққандағы кісі өлтіру саны 0.5-ден басталады. Соңғы 10 жылда қылмыстық істер мен қауіпсіздік, жазатайым оқиғалар сияқты «бес көрсеткіш» айтарлықтай төмендеді.

Вице-министр көрсеткен мәліметтерге сәйкес, 2021 жылы кісі өлтіру мен зорлау, есірткіге қатысты қылмыстар, тонау, ұрлық сияқты сегіз ірі қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны және бір уақытта 3-тен астам адам қаза тапқан ірі жол-көлік оқиғаларының тіркелуі 2012 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 64.4%、56.8%、96.1%、62.6% және 59,3%-ға азайды. Адамдардың қауіпсіздігі жоғарылады. 2021 жылы Ұлттық статистика бюросының сауалнамасына сәйкес қауіпсіздік көрсеткіші 98,6%-ға жетті. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 11 пайыздық тармаққа өсті. Бүгінде Қытай әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі болып саналады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото