Қытай дипломатиясы әлеммен достасты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 қазан
Қытай дипломатиясы әлеммен достасты

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 20 қазанында Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюй ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының жаңалықтар орталығы өткізген баспасөз мәслихатында соңғы он жылда еліміздегі дипломатиялық қатынастардың жалпы саны 172-ден 181-ге өскенін және бүкіл әлемдегі елдермен, аймақтық ұйымдармен орнатқан серіктестік байланыс саны 41 жұптан 113 жұпқа дейін артқанын атады.

Еліміз 26 елмен және аймақпен 19 еркін сауда туралы келісімге қол қойып, «Өңірлік кешенді экономикалық әріптестік туралы келісімнің» күшіне енуіне және жүзеге асырылуына ықпал етті. «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы 149 ел мен 32 халықаралық ұйымды көптеген маңызды жобаларға белсене қатысуға тартты.

Ма Чжаосюй Сыртқы репрессия мен негізсіз араласу жағдайында Қытай өзінің ұлттық егемендігін, қауіпсіздік пен даму мүдделерін берік қорғағанын атап өтті.

Ресми өкіл Қытайға қарсы күштердің біздің елге шабуыл жасауы мен қаралауына үздіксіз қарсы тұрып, ұлттық мүдде мен намысты қорғағанын жеткізді.

Ол Қытай «Бір Қытай» принципін ерекше қорғайтынын және Қытайға қарсы шабуылдар мен Қытайды қаралау әрекеттеріне үздіксіз қарсы Тұратынын айтты.

Ма Чжаосюй Қытайдың бұрын-соңды болмаған кеңдік, тереңдік және тебінділікпен жаһандық басқаруға қатысып және көпжақтылықты сақтаудың тірегі болғанын айтты.

Ма Чжаосюй Си Цзиньпиннің дипломатиялық идеясы бізге Қытай үлгісіндегі ірі елдік дипломатияның жаңа бағытын ашуға жетекші болғанын, партия басшылығы-Қытай дипломатиясының негізгі тірегі екенін жеткізді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото