Осы жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдың импорты мен экспорты 9,9% - ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 қазан

24 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Кедендік статистикаға сәйкес, осы жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытай импорты мен экспортының жалпы құны 31,11 трлн. юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,9% - ға өсті. Олардың ішінде экспорт 17,67 трлн. юаньды құрап, 13,8% - ға жоғарылады; импорт 13,44 трлн. юаньды құрап, 5,2% - ға артты.

АҚШ долларымен есептегенде Қытайдың алғашқы үш тоқсандағы импорты мен экспортының жалпы құны 4,75 трлн. АҚШ долларын құрап, 8,7% - ға жоғарылады. Олардың ішінде экспорт 2,7 трлн. АҚШ долларын құрап, 12,5% - ға; импорт 2,05 трлн. АҚШ долларын құрап, 4,1% - ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото