Қазақстанның барлық жерінде Республика күні тойланды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 қазан
Қазақстанның барлық жерінде Республика күні тойланды

25 қазан күні Қазақстанның барлылқ жерінде ҚР Республика күні тойланды. ҚР Мемлекет басшысы Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке», - делінген ҚР Мемлекет басшысының құттықтауында.

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Сонымен бірге, ҚР Республика күніне орай, Қазақстан көлемінде ту көтеру, мерекелік концерт, отшашу сынды салтанатты шаралар атап өтілді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото