Қыркүйек айында Шыңжаңның сыртқы саудасы импорты мен экспортының жалпы өсу қарқыны елде бірінші орынға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 қазан
Қыркүйек айында Шыңжаңның сыртқы саудасы импорты мен экспортының жалпы өсу қарқыны елде бірінші орынға шықты

27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қыркүйекте Шыңжаңның сыртқы саудасы импорты мен экспортының жалпы құны 26,76 миллиард юаньды құрап, бұл өткен жылдың сәйкес мезгілмен салыстырғанда 99,7% - ға артып, өсу қарқыны елде бірінші орынға шықты. Олардың ішінде экспорт құны 23,15 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілмен салыстырғанда 108,9% - ға өсті. Ал импорт құны 3,61 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілмен салыстырғанда 55,5% - ға жоғарылады.

Осы жылдан бастап Шыңжаңның сыртқы саудасы қарқынды өсуді жалғастырып келеді. Үрімжі кедендік статистикасына сәйкес, биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанында Шыңжаңның сыртқы саудасы импорты мен экспортының жалпы құны 172,31 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілмен салыстырғанда 55,6% - ға өсіп, елде екінші орынды иеленді. Олардың ішінде экспорт құны 144,05 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілмен салыстырғанда 64,6% - ға көтерілді. Ал импорт құны 28,26 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілмен салыстырғанда 21,8% - ға ұлғайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото