Қазақстандық тілші - Қытай Коммунистік партиясы халықтың мүддесін өз миссиясы деп санайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қазан

28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қазанда Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайы сәтті аяқталды. BAQ.KZ Қазақстандық ақпараттық агенттігінің аға тілшісі Гүлжан Раманқұлова ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайына қатысты. Тілші: «Жалпы осындай ауқымды көлемдегі халықаралық жиынға алғаш қатысуым. Бұл мен үшін үлкен мектеп, тәжірибе болды»,- деді.

22 қазан күні Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының жабылу жиналысынан кейін Г.Раманқұлова(оңнан екінші адам) мен көптеген елдердің тілшілері Халық құрылтайы сарайының алдында естелік үшін суретке түсті. Фотоны дайындаған сұхбат беруші.

Г.Раманқұлова сұхбат барысында тілшілермен ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайы барысында өзіне ерекше әсер еткен «мемлекет дегеніміз - халық, ал халық дегеніміз - мемлекет» деген сөзбен бөлісті. Ол сөзін сабақтап, «Төраға Си Цзиньпин азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсарту қажеттігін айтты. Яғни қай кезде де халықтың мүддесі бірінші орында болуы керек. Осы тұрғыда Қытайдың ұстанған бағыты дұрыс деп есептеймін»,- деді.

Г.Раманқұлова ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайында қабылданған жаңа мақсаттар мен жаңа міндеттер Қытай халқының ғана емес, жалпы әлем экономикасының жағдайын одан сайын жақсартуға үлес қосады деп санайды. «Тарих кез келген партияның немесе биліктің халықтың қолдауына ие болған кезде ғана өркендегенін бірнеше рет дәлелдеді. Меніңше, Қытай коммунистік партиясының саясатының негізі - халықтың өмірін жақсартуға ұмтылуы. Қытай халқының Қытай коммунистік партиясын қолдауының себебі ҚКП халық мүддесіне өкілдік етеді»,- дейді Г.Раманқұлова.

Сонымен қатар, тілші қазіргі күн сайын күрделеніп бара жатқан халықаралық жағдай аясында, құрылтайда айтылған «Қытай әрқашан бүкіл әлемнің бейбітшілігін сақтау және ортақ дамуды ілгерілететін дипломатиялық мақсатты ұстанады» және «Қытай әрқашан тәуелсіз бейбіт сыртқы саясатты қолданды» деген сөздердің де нақты маңызы бар деп санайды.

Г.Раманқұлова алғаш рет Қытай Коммунистік партиясының мемлекеттік құрылтайын хабарлауға қатысып отыр. Бұл жас тілші үшін ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайына жұмыс жасау қызметтік міндет ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі әріптестерімен тәжірибе алмасудың мүмкіндігі болып табылады.

Аға тілші ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының ақпарат орталығында қытайлық журналистердің қалай жұмыс жасайтынына куә болып, қатты тебіренді. «Қытайлық журналистердің барлығы дәстүрлі медиядан жаңа медиаға ауысқан. Жергілікті журналистердің қызықты бейнерепортаждарын көрдік. Қытайлық әріптестер түсірілімдерінің мазмұны бай, формасы жаңа. Олар оқырманға қызықты форматта ақпараттар ұсынады. Осындай әдісті өзімізге де енгізуіміз керек деген ой келді»,- дейді аға тілші кішпейілдікпен.

Бұл Г.Раманқұлованың Қытайға екінші рет келуі еді. 2018 жылдың басында Бейжіңге келуімен салыстырғанда, ол қаладағы ауа сапасының айтарлықтай жақсарғанын байқады. «Сұхбат барысында біз үкіметтің экологияның ластануымен күресу үшін үлкен жұмыс жасағанын білдік».

Г.Раманқұлова түсірген Бейжіңдегі Гушуйбэй ауылы. Фотоны дайындаған сұхбат беруші.

Аға тілші Бейжіңді «велосипедтер қаласы» деп санайды екен. Жалпыға ортақ велосипедтерді барлық жерден көруге болады. Қала тұрғындарын тұрақты қозғалысқа шақыру үшін қаланың барлық көшесінде арнайы велосипедтер жолағы бар. «Өзім Бейжіңге келіп, велосипед тебуді үйрендім. Оның өте ыңғайлы әрі қолжетімді көлік құралы екеніне көзім жетті. Бұл да қаладағы ауа сапасын тазартуға өз септігін тигізуде деп есептеймін»,- дейді Гүлжан. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото