- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ельге Сеулдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қазан күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ельге Корея Республикасының Сеулдегі адамдардың аса үлкен нөпірінен болған ауқымды шырғалаңға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Си Цзиньпин: «Корея Республикасының астанасы Сеулдегі адамдар кептелісінің орын алу салдарынан туындаған үлкен шырғалаңды естіп, қатты алаңдадым. Мен Қытай үкіметі мен Қытай халқының атынан құрбан болғандарға қайғырып көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасына және жарақат алғандарға сабырлылық пен амандық тілеймін. Апат салдарынан бірнеше қытай азаматтары қаза тауып, жараланды. Корея Республикасының тарабы оларды емдеуге және соңғы сапарға жөнелтуге арналған әрекеттерді атқарады деп сенемін»,- деді.
Сол күні Мемлекеттік Кеңестің премьер-Министрі Ли Кэцян Корея Республикасының премьер-министрі Хан Док Суге көңіл айту жеделхатын жолдады.
people.cn © People's Daily Online