- Барлық ақпарат
Қытайдың 5-інші халықаралық импорт көрмесіне 145 ел мен аймақ және халықаралық ұйымдар қатысты
![]() |
1 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 1 қараша күні Қытайдың 5-інші халықаралық импорт көрмесінің баспасөз мәслихаты өтті. Онда көрмені ұйымдастыруға жауапты тұлға Қытайдың 5-інші халықаралық импорт көрмесінің дайындығы туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қытайдың халықаралық импорттық көрмелер бюросы директорының орынбасары Сунь Чэнхай бұл жолғы көрмеге 145 елдің, аймақтың және халықаралық ұйымдардың оңтайландырылған құрылымы мен әлеуетті өкілдері келетінін айтты. Олардың арасында дамыған және дамушы елдер, сондай-ақ ең баяу дамушы елдер де бар.
127 ел мен аймақтағы компаниялар корпоративтік және коммерциялық көрмелерге, ал 66 ел мен 3 халықаралық ұйым ұлттық кешенді көрмелерге қатысты. Қатысушылардың саны алдыңғы өткен көрмедегіден көп. Көрмеге «Өңірлік жан-жақты экономикалық әріптестік туралы келісімге» (RCEP) мүше мемлекеттердің компаниялары қатысты. Сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер мен ШЫҰ-ға мүше елдердің көрмеге қатысу саны да алдыңғы кезекпен салыстырғанда артқан. Ұлттық көрмеге алғаш рет Никарагуа, Джибути, Мавритания, Комор аралдары, Мозамбик, Конго демократиялық республикасы, Ирақ және Исландия сияқты сегіз ел қатысады.
people.cn © People's Daily Online