Үшінші тоқсанда 22 миллионнан астам адамның шекарадан кіріп-шыққаны тіркелді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 қараша

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Ұлттық иммиграциялық әкімшіліктен алған ақпаратына сайкес, 2022 жылдың үшінші тоқсанында Ұлттық иммиграция әкімшілігі 22,185 миллионнан астам адамның шекарадан кіріп-шыққанын тізімге алған. Шекарада қаралған көлік құралдарының (құрлық, әуе, су) саны 2,277 миллион жетіп, екінші тоқсанмен салыстырғанда 2,7% - ға өскен.

Сонымен қатар, барлығы 320 000 кәдімгі төлқұжат әзірленіп, Гонконг, Сянган-Аомэнь-Тайваньға кіру және шығу құжаттарының 1,172 миллион растамасы (дана) берілген. Қытайдағы шетелдіктерге аялдау және уақытша тұру туралы 165 000 куәлік тапсырылған.

Ақпаратқа сәйкес, үшінші тоқсанда иммиграцияны басқару мекемелерінің бәрі елдің шекарасын қатаң бақылап отырды. Соның нәтижесінде елге (шекараға) зиянын тигізетін 10 953 түрлі қылмыстық істерді қарады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген 18 851 күдікті ұсталып, 132 транзиттік бекет жойылып, 488 көлік (кеме) тәркіленді. Елге заңсыз кірген, заңсыз тұрған және заңсыз жұмысқа орналасқан 22000 шетелдік тексерілді. 2,4 тонна есірткі және 141,8 тонна есірткі бұйымдары тәркіленді. Сонымен бірге, үшінші тоқсанда ұлттық иммиграция әкімшілігі кәсіпорын саласындағы жүктемені азайту үшін кедендік ресімдеуді жеңілдетіп, сертификаттар санын қысқарту, ыңғайлылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар шараларды қабылдады. Бұл тиісті кәсіпорындар үшін 900 миллион юаньға жуық қаражатты үнемдеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото