Жаңа энергетикалық көліктер тиелген Қытай-Еуропа кезекші пойызы алғаш рет Шыңжаң шекарасы арқылы экспортталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 қараша
Жаңа энергетикалық көліктер тиелген Қытай-Еуропа кезекші пойызы алғаш рет Шыңжаң шекарасы арқылы экспортталды

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 31 қазан күні 100 стандартты контейнер мен 152 жаңа энергетикалық көліктер тиелген Қытай-Еуропа пойызы Алашанькоу (Алатау) шекарасынан шықты. Пойыз 10 күннен кейін Еуропаға жетеді. Бұл Шыңжаң порты арқылы жаңа энергетикалық көліктер тиелген кезекші пойыздың бірінші рет экспортталуы. Сонымен қатар Қытай-Еуропа кезекші пойызының Еуропаға экспорттау үшін жаңа энергетикалық көліктерді алғаш рет тасымалдауы болып табылады.

Қытай-Еуропа пойызы-жаңа энергетикалық көліктерді тасымалдаудың тамаша жолы. Алашанькоу шекарасы өзінің географиялық артықшылықтарын толық пайдаланады және көлік тиімділігі мен модернизациялау мүмкіндіктерін қолдана отырып, жаңа энергетикалық көлік құралдарын шығаратын компанияларға ыңғайлы қызметтерін ұсынады.

Қазіргі уақытта Алашанькоу шекарасы арқылы өтетін Қытай-Еуропа кезекші пойыздардың орташа тәуліктік саны 19-ға жетті. Бұл көрсеткіш Қытай-Еуропа мен жол бойындағы елдерге үздіксіз логистиканы орнықтырып, материалдарды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ отандық жаңа энергетикалық көліктердің халықаралық нарыққа шығуына ықпал етеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото