Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: Қытай әрқашан дамушы елдердің шынайы досы және сенімді серіктесі болады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 қараша

4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 3 қарашада Қытай әрқашан дамушы елдердің шынайы досы және сенімді серіктесі болып, үнемі олармен тыныстас, тағдырлас ретінде бірге дамитынын айтты.

Сол күнгі баспасөз мәслихатында тілші былай деп сұрады: «Жақында Ұлыбританияның YouGov әлеуметтану агенттігінің сауалнамасы Африка елдеріндегі адамдардың Қытайға деген жақсы көзқарасы соңғы жылдары айтарлықтай өскенін көрсетті. Нигерия, Кения, Оңтүстік Африка және Египеттегі Қытай халықаралық істерге оң әсер етеді деп санайтын респонденттердің үлесі 83%, 82%, 61%, 57%-ды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 15, 24, 13 және 10 пайыздық тармаққа өскен. Бұл туралы не айтар едіңіз?»

Чжао Лицзян бұл сауалнаманың нәтижелері бір жағынан Қытай-Африка ынтымақтастығы Африка халқына шынайы әл-ауқат тұрақтылығын әкелгенін және оны Африка халқы шынайы құптап, толық мойындағанын дәлелдейтінін жеткізді. «Қытай-Африка ынтымақтастығы - Қытайдың көптеген дамушы елдермен бірлестігінің көрінісі. Ұзақ уақыттан бері Қытай әрқашан дамушы елдердің шынайы досы және сенімді серіктесі болды әрі тыныстас, тағдырлас елдер ретінде бірге дамыды».

«Сіз айтқан елдер де «Бір белдеу, бір жол» бастамасының қатысушылары»,-деді Чжао Лицзянь. «Соңғы жылдары Қытай мен тиісті елдер «Бір белдеу, бір жол» аясындағы ынтымақтастықты тұрақты түрде алға жылжытты. Момбасадан Найробиге дейінгі стандартты теміржол Кенияның экономикалық өсуіне 0,5% - дан астам үлес қосты. Ал «Рамазан 10» электрлендірілген жеңіл рельсті жобасы Египет тұрғындарына тиімді және ыңғайлы жол жүру қызметтерін ұсынды. Бұл қадам Шығыс Египет экономикасын дамытуда және Египетті индустрияландыру процесін ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының арқасында Камбоджада автомагистраль, Қазақстанда «теңіз порты», Мальдив аралдарында теңіз арқылы өтетін көпір пайда болды, ал Лаос «теңіз жолы жабық елден» «тоғыз жолдың торабына» айналды... «Бір белдеу, бір жолдың» бірлескен құрылысы дамушы елдердегі адамдарға жарқын арман мен мол мүмкіндіктерге толы болашақ сыйлады».

Чжао Лицзянь былай деді: «ҚКП 20-сыншы құрылтайының баяндамасында «дамушы елдердің ортақ мүдделерін қорғау» мәселесі айтылған. Төраға Си Цзиньпин ұсынған шын ықыласты және әділ, игілікті тұжырымдама, жаһандық даму бастамасы дамудың күрделі мәселелерін шеше алды. Сонымен бірге Қытайдың дамушы елдермен ынтымақтастықты тереңдетуіне аса маңызды жетекші рөл атқарды. Жаңа тарихи бастама кезеңінде біз дамушы елдерге берік қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Өз өркендеуімізді дамушы елдердің жалпы дамуымен тығыз байланыстырамыз және ортақ мақсатта бірге жұмыс атқарамыз».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото