Шығыс Қытай педагогикалық университетінің Қазақстан зерттеу орталығы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 қараша
Шығыс Қытай педагогикалық университетінің Қазақстан зерттеу орталығы құрылды

7 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шығыс Қытай педагогикалық университетінің Қазақстан зерттеу орталығы ресми түрде құрылды. Шығыс Қытай педагогикалық университеті директорының орынбасары Гу Хунлян мен Қазақстан Республикасының Шанхайдағы Бас консулы Рахимов Рахымжан бірлікте орталықтың ашылу рәсімін жасады.

Рахимов Рахымжан көпшілікті Қазақстан зерттеу орталығының құрылуымен құттықтады. Бас консул Орталық Қытай мен Қазақстан арасындағы білім алмасудың маңызды платформасына айналатынына сенім білдірді.

Гу Хунлян Орталықтың құрылуы алдағы уақытта екі ел арасына дәнекер болып, Шығыс Қытай педагогикалық университеті мен қазақстандық университеттер арасындағы ғылыми зерттеулер мен жас ғалымдарды даярлау саласындағы тығыз алмасулар мен ынтымақтастыққа ықпал ететінін атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото